21 Қараша 2026, 10:12 Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында жыл басынан бері өрттен алты адам қаза тапты

Өңірде 587 өрт тіркеліп, тағы бес адам жарақат алғ

Жамбыл облысында жыл басынан бері өрттен алты адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Сонымен қатар ведомство көмірқышқыл газынан улану дерегін тіркеген. 11 қаңтарда Жуалы ауданында бір адам газдан уланып зардап шеккен.

Күн суыта бастағандықтан, құтқарушылар тұрғындарды пештердің, мұржалардың және электр сымдарының жағдайын тексеруге шақырды. Төтенше жағдайлар департаменті мұржаларды уақтылы тазалап, ақауы бар электр құрылғыларын пайдаланбауға және жылу жабдықтарының жанына тез тұтанатын заттарды қоймауға кеңес береді.

Сондай-ақ мамандар балалар мен жалғыз тұратын қарт адамдардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуді ескертті. Сіріңке мен оттықты кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет. Ал қарт туыстардың үйіндегі жылыту жүйесінің қауіпсіздігін тексеруге көмектескен жөн.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы Меркі ауданының Ойтал ауылындағы автокөлік бөлшектерін сататын алаңда өрт шыққан. Өрт салдарынан 100 шаршы метр аумақтағы бастырма мен көлік бөлшектері жанған.