13 Желтоқсан 2024 2024, 07:49
Фото: видеодан кадр
Жамбыл облысында жолдың бойында жүк көлігі өртенді
Жамбыл облысының өрт сөндірушілері жүк көлігін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысының өрт сөндірушілері жүк көлігін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Т. Рысқұлов ауданында "Алматы-Ташкент автожолының 418 шақырымында жүк көлігі өртенді.
Құтқарушылар жануды сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, - делінген хабарламада.
Өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.