Жамбыл облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолында бірнеше көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қажетті жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде.Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды, - делінген полиция хабарламасында.

Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарға ауа райын бақылай отырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қырағы болу қажеттігін де ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы