1 Сәуір 2024 2024, 11:46
Фото: pixabay.com/ru
Жамбыл облысында жер сілкінді
ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен сағат 11:14-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысы Меркі кентінде 2 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен сағат 11:14-те жер сілкінісі тіркелді.
Эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. MPV магнитудасы 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б. тереңдігі 25 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысының Мерке кентінде - 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізілуде.