Жамбыл облысында жел күшейеді
Қазақстан бойынша 2023 жылғы 11-13 ақпанға арналған ауа райы болжамын Қазгидромет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады, желдің күшеюі 15-23 м/с, 11 ақпанда Түркістан облысында, 11-12 ақпанда Жамбыл облысында 30 м/с өте қатты жел болжануда, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жаяу бұрқасын болады.
Республика бойынша тұман, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, тек түнде ауа температурасы шығыста 17-25, оңтүстік-шығыста 10-25 аязға дейін төмендейді, ал республиканың оңтүстігінде кезеңнің соңына қарай ауа температурасы күндіз 5 аяз-2 жылыдан 3-8 жылыға дейін жоғарылайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркиядағы зілзала. Құжатсыз қалған отандастарымыз не істейді?
Өзгелердің жаңалығы