Жамбыл облысында «ZHEIF–2023» халықаралық инвестициялық форум өтеді
Ағымдағы жылдың 26-27 сәуірінде «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде «Zhambyl Investment and Economic Forum-2023» халықаралық инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауқымды шара туризм, өнеркәсіп, цифрландыру және ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың түрлі салалары мен секторларында инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілету мақсатына негізделуде.
Оған жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің 700-ден астам өкілдері, инвесторлар, беделді сарапшылар мен пікір көшбасшылары, сондай-ақ, салалық министрліктердің өкілдері мен квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысады.
Халықаралық инвестициялық форум кәсіпкерлер мен инвесторларға шетелдік және республикалық кәсіпорындар мен ұйымдармен байланыс орнату, бизнес қауымдастық арасында байланыс орнату және әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеу үшін бірегей платформа ұсынады.
Сонымен қатар, форум қонақтары көрнекті бизнес көшбасшылары және мемлекет қайраткерлерімен өтетін түрлі тақырыптар бойынша панельдік пікірталастарға қатыса алады.
«ZHEIF–2023» халықаралық инвестициялық форумы – Жамбыл облысының қолайлы инвестициялық ахуалын дамытуға ықпал етуге бағытталған.
Айта кету керек, әрбір бизнес өкілінің осы іс-шараға қатысуы өз ісіне тиімді және пайдалы мүмкіндіктер мен жолдар ашатынына сенімдіміз. «ZHEIF–2023» халықаралық инвестициялық форумына баршаңызды қатысуға шақырамыз!
Іс-шара туралы қосымша ақпарат алу және мүше ретінде тіркелу үшін zheif2023.kz веб-сайтына өту қажет.