5 Қазан 2026, 18:00 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Жамбыл облысында жанжал соңы 15 жастағы оқушының өлімімен аяқталды

Жамбыл облысы Байзақ ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жанжал болып, салдарынан 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты. Бұл ақпаратты Жамбыл облысының білім басқармасы BAQ.KZ редакциясына берген ресми жауабында растады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 3 қазанда сағат 22:00 шамасында Байзақ ауылында болған.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жанжал болып, салдарынан 2011 жылы туған жасөспірім алған дене жарақатынан қайтыс болды, – делінген ресми жауапта.

Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 24 жастағы жігітті пышақтап кеткені хабарланды.