Бүгiн 2026, 18:15 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты: Көлікте қысылып қалған ер адам құтқарылды

Құтқарушылар зардап шеккен адамды жедел түрде көліктен шығарып алды.

Бүгін таңертең ерте Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Бурыл ауылында екі жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының мамандары гидравликалық апаттық-құтқару құралдарының көмегімен көліктің салонында қысылып қалып, өздігінен шыға алмаған зардап шегушіні шығарып алды.

Осыдан кейін ер адам әрі қарай ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.