Жамбыл облысында жаңбырлатып суару жүйесін пайдаланатын шаруалар көбеюде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай ауданы бүгінде аграрлы аймақ ретінде танылып, алқап көлемі 134 860 гектарды құрап отыр.
Бұл туралы Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Қазіргі уақыт талабына сай тамшылатып суғару технологиясының көлемі 12 мыңға гектарға жетіп, 35 шаруашылықта орнатылса, жаңбырлатып суару технологиясын 10 шаруашылық жеті жүз гектардан астам алқапқа енгізген. Осылайша, қордайлық диқандар алғашқылар қатарында озық технологиялардың оңтайлы тұстарын пайдалану арқылы суармалы су, минералды тыңайтқыш және суғаруға кететін уақытын үнемдеп, өнімділік көлемін еселей арттырып келеді.
Осындай жаңа технологияны қоданып, өнім көлемін көбейткен шаруалардың бірі - Ауқатты ауылынан орын тепкен «Құрылыс» шаруа қожалығы. Бүгінде егіс алқаптарына заманауи құрылғылар орнатып, тиімді технология, яғни жаңбырлатып суғару әдісіне көшкен.
Соңғы бірнеше айда аспаннан бір тамшы тамбады. Бұл егістіктегі дақылдарымызға өте қауіпті. Сол себепті біз суғарудың тиімді тәсіліне көшіп, су үнемдеу технологиясын орнаттық, — дейді агроқұрылым басшысы Әділбай Семжанов.