Жамбыл облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Жамбыл облысы Меркі ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бой көтерген білім ордасы ашылды.
Андас батыр ауылдық округі, Гранитогор ауылында 120 орындық мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Салтанатты сәтте аудан әкімі Мейірхан Өмірбек сөз сөйлеп, аудандағы биылғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды
Биыл Меркі ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында төрт мектеп күрделі жөндеуден өтсе, бір білім ордасы бой көтеріліп, беріліп отыр.
Ауыл тұрғындары сапалы, заманауи талаптарға сай салынған мектептің әр сыныптарымен танысып ризалықтарын білдірді.
Жобалық құны 505 млн теңгені құраған нысанды «Темір-Строй Сервис и К» компаниясы 20 мамырдан құрылысын бастап, алты айдан аса уақыт құрылыс жұмыстарын жүргізген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда КВИ-ге қарсы вакцинаны 300 ерікті қабылдады
Келесі жаңалық
Астана аспанында истребительдер ұшады
Өзгелердің жаңалығы