Жамбыл облысындағы жаппай төбелес бойынша қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасындағы жаппай төбелес бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Полицияның күшімен қақтығыс тоқтатылды, жағдай бақылауда. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - делінген хабарламада.Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталуда.
Айта кетейік, Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді және қауесеттер мен жалған хабарламаларды таратпауды сұрайды.
Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚТЖ Алакөл туристері үшін жағдайлар жасауда
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы