"Қабылданған шаралармен а.ж. 1 мамырынан бастап Шу қаласы мен Төле би ауылының тұрғындары үшін жаңа өтемдік тариф енгізілді. Енді ауыл адамдары үшін ауыз судың 1 текше метрі 5 теңгеге (48,5-тен 43,49 теңгеге дейін), кәсіпкерлер үшін 21,73 теңгеге (210,46-дан 188,73 теңгеге дейін) төмендетілді. Осылайша Шу ауданында 50 мыңнан астам азаматтың құқықтары қорғалды", - делінген таратылған ақпаратта.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен аталған мекеменің директоры ҚР ӘҚБтК 164-бабының 5-бөлігімен 252 580 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлға тартылды.