Жамбыл облысындағы мектептер мен колледждерде медициналық пункттер ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық білім беру ұйымдары мен медицина қызметкерлері короновирусқа қарсы күресте күш біріктірмек.
Қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуда. Жамбыл облысында аурудың екі мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бүгінгідей қиын жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен жүк түсіп отырғаны сөзсіз.
Эпидемиямен күрестегі өзекті мәселелердің бірі – медициналық мамандардың жетіспеушілігі. Осыған орай, облыстағы білім беру ұйымдарында халыққа медициналық көмек көрсетудің қосымша пункттері ашылып, оған білім беру мекемелерінің 123 медицина қызметкері тартылған.
Бүгінгі таңда орта мектептерден барлығы 80 маман, облыс колледждерінен 43 маман жұмылдырылған. Тараз қаласы және облыстың барлық аудандарында орта және кіші медициналық қызметкерлер тұрғындарға кеңес беру, дәрі егу секілді басқа да қызметтерді тегін көрсетеді.
Олар оқу жылы басталғанға дейін жұмыс істейді және міндетті түрде жалақы алатын болады, - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы