Жамбыл облысындағы ауруханалардың қауіпсіздігі тексерілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы "Антикор" орталығының жанынан құрылған арнайы бақылау тобы ауруханаларды тексерді. Бұл туралы "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінен хабарлады.
Арнайы топ ауруханаларды аралап, науқастарға көрсетіліп жатқан медициналық қызметтің сапасына көз жеткізді. Қоймалардағы қорғаныш құралдарының жеткілікті болуы -топ мүшелерінің назарынан тыс қалмады.
Карантиндік режимде жұмыс істеп жатқан қалалық көпбейінді аурухана қазір тек ауыр жағдайдағы науқастарды қабылдайды. Медициналық мекеменің табалдырығын аттамас бұрын барлығы арнайы тексерістен өтеді. Алдымен тазалау тунелінен өтіп, сонан соң ғана ауруханаға кіруге рұқсат алады.
Алғаш сырттан келген науқас осы жерден кіреді. Қолын залалалсыздандырады. Температурасын өлшейді. Егер де температурасы болып, короновирукске подозрение болса грязный зона дейді сол жаққа кетеді. Ал темпертурасы жоқ болып, науқас таза болса, бұл чистый зона дейді сол жақта басқа дәрігерлер қабылдайды, - деді Тараз қаласы көпбейінді аурухананың бас дәрігері Нұрлан Әбілдаев.
Бүгінде аурухананың қоймасында 8500 маска, 735 литр антисептик бар. Бұл біра айға жеткілікті. Келесі айға тапсырыс бердік дейді мамандар.
Біз көргендей дәрігерлер барлық жағдайды инструкция бойынша жасап ары қарай да жұмыс жасайды, жалпы біз бүгінгі зерделеу жұмысында, көптеген медициналық құалдардың жеткілікті екендігіне де көз жеткізіп қайттық, - деді "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Назима Жұбандықова.
Айта кетейік, жұқпалы аурулармен күресіп жатқан дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау тобының мүшелері осындай зерделеу жұмыстарын енді апта сайын жүргізіп тұрады.