Жамбыл облысында үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында үздік полиция қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Т.Оразымбетовтің төрағалығымен тергеу, анықтау және жедел-криминалистикалық бөліністерінің 2020 жылдың 12 айындағы атқарған жұмыстары қаралды. 

Жиналыс барысында қызметте кездесетін өзекті мәселелер де талқыланып, оның шешу жолдары қарастырылды.

Сонымен қатар өткен жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының тергеу бөліністерінде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, үздік нәтижелер көрсеткен қызметкерлер марапатталды.


Жоғарыда аталған бөлімшелердің қызметкерлері арасында жылдық рейтинг жасалып, қорытындысы бойынша ең үздік тергеуші, анықтаушы және криминалист анықталды. Сонымен Жамбыл облысы Полиция департаменті бойынша 2020 жылдың үздік тергеушісі – Шу ауданының қызметкері полиция капитаны Ғани Қиқымбаев, 2020 жылдың үздік анықтаушысы – Меркі ауданының қызметкері полиция капитаны Боранбаева Данара және 2020 жылдың үздік криминалисті болып – Талас аудандық полиция бөлімінің криминалисті полиция майоры Хибатов Мақсат танылды, - делінген хабарламада.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы