Жамбыл облысында үш ауылдың тұрғындары толықтай екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Талас ауданының Берікқара, Көктал, Тамды ауылдарының тұрғындары түгелдей екпе алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметті мәлімдеді.

Бүгінгі күнге дейін аталған ауылдық округтерде жоспардағы 1696 адамның орнына 1735 адам вакцина салдырған.

Бірінші кезеңде екпе алуды мектеп мұғалімдері бастап, кейін отбасы мүшелерін вакцинациялануға алып келген. Екінші кезеңде вакцинаны өзге де сала қызметкерлері алған. Ал үшінші кезеңде дәрігерлер мен мейірбикелер әр үйге барып, тұрғындардың үйден шықпай екпе алуна жағдай жасаған. Төртінші кезеңде медицина қызметкерлері шалғайдағы шаруа қожалықтарын аралап, қожалық иелері мен малшыларға екпе салды – делінген хабарламада.

Ауданда алғашқы күндерге қарағанда қазір тұрғындардың екпе алуға ниеті артып отыр. Вакцинаның пайдасы болмаса, зияны жоқ екенін көзі қарақты жандар жақсы түсінуде. Жалпы Тамды, Берікқара, Көктал ауылдық округтерінде барлығы 4688 адам тұрса, оның 1696-сы вакцина қабылдауға жататындар есебінде. Қалғандары емізулі баласы бар, аяғы ауыр, дәріге аллергиясы барлар, 65 жастан асқан қариялар мен 1 жас пен 18 жас аралығындағы балалар.

100% екпе алған ауыл тұрғындарына алғашында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылған болатын. Жүргізілген жұмыстар бүгінде өз нәтижесін беріп, көпшіліктің вакцина қабылдаудың маңыздылығы туралы оң пікірі қалыптасқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы