Жамбыл облысында түнгі рейд кезінде полицейлер 190 кг қарасора тәркіледі

Жамбыл облысының құмды аймақтарында түнгі рейд кезінде полицейлер 190 кг қарасора тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

“Қарасора – 2024” республикалық арнайы операциясы аяқталуға жақындады. Еліміздің оңтүстік аймақтарында полиция қызметкерлері тәулік бойы құмды жерлерді тексеріп, есірткі дайындаушыларды анықтайды.

 Есірткі күресуші сақшылар Ұлттық ұланның “Бүркіт” арнайы бөлінісімен бірлесіп, шалғай аудандарды жаяу патрульдеуге шығады, – деді ведомствода.

Осындай тексерулердің бірінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Шу ауданының Алға ауылынан 25 шақырым жерде жабайы қарасора өсірген Шу қаласының тұрғынын ұстады.

Сараптама тәркіленген өсімдіктің қарасора екенін көрсетті. Оның жалпы салмағы 188 келіден асқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

“Қарасора – 2024” арнайы операциясы кезінде полицейлер барлығы 597 есірткі қылмысының жолын кесті, оның ішінде 178 өткізу фактісі, 113 есірткі сақтау фактісі бар. Заңсыз айналымнан 16 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 13 тонна кептірілген марихуана, 3,6 тонна прекурсор, 83 кг синтетика, 48 кг гашиш, 20 мыңға жуық қарасора бұталары, 76 апиын көкнәр бұталары бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы