Жамбыл облысында "Тілдарын" облыстық олимпиадасы өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында "Тілдарын" облыстық олимпиадасы өткізілді, деп хабарлады zhambylnews.kz.

"Шараға мамандығына, шұғылданатын ісіне қарамастан 18 бен 22 жас аралығындағы жастар қатысты.Олимпиадаға қатысушылар берілген тақырыпқа сай тұсаукесер өткізіп, «Үш тұғырлы тіл – ұлттың келешегі» тақырыбы бойынша эссе жазды, сондай-ақ мәтінге үш тілде ілеспе аударма жасады", - делінген таратылған ақпаратта.

Нәтижесінде І орынды Байзақ ауданынан Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сарымамудова Зайде, ІІ орынды Тараз қаласынан Жамбыл инновациялық колледжінің 3- курс студенті Сатылған Ералы, ІІІ орынды Меркі ауданынан В.Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтимбетова Жансая иеленді. Олимпиадаға қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы