Жамбыл облысында театрлар мен мешіттердің жұмысына рұқсат берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында карантин шаралары жеңілдетіліп, театрлар мен мешіттердің жұмысына рұқсат етілді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сонымен қатар екінші тоқсаннан бастап, қалалық және ауылдық аймақтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептер дәстүрлі оқу форматына көшіріледі. Алайда сыныптардағы балалардың саны 15-тен аспайды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші кластарда оқытуға рұқсат етілді.
Сондай-ақ, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық, маскалық, әлеуметтік қашықтық режимін сақтай отырып театрлар мен мешіттердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді.
Бұл туралы Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Салтанат Алибаеваның 2020 жылғы 5 қарашадағы № 40 «Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысында жазылған.