Жамбыл облысында таулы аймақтан шыққан өрт ауыздықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. Өрттің ауданы 650 га құрады, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.
2021 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 15.30-да Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының таулы, кей жерлері жартасты аймағындағы (теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте) өрт сөндірілді.
Өртті сөндіруге барлығы 277 адам мен 42 техника,«Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.
Тікұшақ арқылы десантты жіберу және оларды сөндіру үшін жанудың жету қиын учаскелеріне су жіберу жүргізілді. Тікұшақтың Су ағызу құрылғысымен өрт ошақтарына барлығы 6 тоннаға жуық су шашты. Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары, табиғи ресурстарға және өз өміріне жауапсыздық қатынасы орны толмас шығындарға әкелетінін еске саламыз. Отпен абай болыңыз!, - делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, 2021 жылдың 16 қыркүйегінде Жамбыл облысы ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының 101 қызметіне Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылына жақын жердегі Есдәулет учаскесінде тау баурайында құрғақ шөп жанғаны туралы хабарлама түскен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде Оралхан Бөкейдің ескерткіші бой көтерді
Өзгелердің жаңалығы