Жамбыл облысында тағы бір авиациялық бомба табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 ақпанында сағат 14:30-да Байзақ ауданының  полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, Байзақ ауданы Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі  бұрынғы әскери полигон аумағынан снаряд табылғанын хабарлады. 

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Табылған жерге дереу Полиция департаментінің және «Оңтүстік» ӨңҚ 28349 әскери бөлімінің саперлері жіберілді. Оқиға орнына барғанда  табылған снаряд «ОФАБ-100» үлгісінің жарықшақты-фугасты авиациялық бомбасы екені анықталды, - делінген хабарламада.

Мұқият зерттеуден кейін саперлер бомбаны залалсыздандыру  үшін Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының оқу полигонына алып кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы