Жамбыл облысында тағы 5 адамнан вирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы 18 сәуірдегі Жамбыл облысындағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы.
Бүгін Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын тағы 5 адамның жұқтырғаны анықталды. Аумақ бойынша айтар болсақ, Қордай ауданында 2 адам, Тараз қаласында 2 адам және Жамбыл ауданында 1 адам тіркелді.
Бірінші жағдайда — Қырғызстан Республикасының азаматы, Тоқмақ қаласында тұрады, жүргізуші, Алматыға жүк тасуға барған.
Мемлекеттік шекарадан Қарасу бекеті арқылы өту кезінде ПТР талдауға сынама алынып, зертханалық зерттеу нәтижесі коронавирусты жұқтырғанын көрсеткен. Ол Бішкек қаласына арнайы көлікпен тасымалданды.
Екінші жағдайда — Қордай ауданының 2002 жылғы тұрғыны, коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыста болғаны үшін Тараз қаласында карантиндік стационарға жатқызылған. Карантиндік стационарға жатқызған күнгі зертханалық талдау теріс нәтиже көрсетті, ауруханадан шығар алдындағы талдау нәтижесі оның вирусты жұқтырғанын көрсетті.
Үшінші жағдайда — Тараз қаласының 1970 жылғы тұрғыны, медбике болып жұмыс істейді. 13 сәуірден бастап қашықтан жұмыс істеуге көшкен. Дене қызуының көтерілуіне байланысты демалыс алып, ПТР тестілеуден өткен, талдау қорытындысы коронавирусты жұқтырғанын нақтылады.
Төртінші жағдайда — Тараз қаласының 1987 жылғы тұрғыны, жүктіліктің 20 аптасында. Емханаға қаралу кезінде сүзгіде анықталып, жөтел, дене қызуының 37,5ºС дейін көтерілуі, ентігу белгілерімен провизорлық стационарға жатқызылған, ПТР тестілеу нәтижесі вирусты жұқтырғанын көрсетті.
Бесінші жағдайда — Жамбыл ауданының 1991 жылғы тұрғыны, әскери қызметкер. Өзіне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен ықтимал қатынаста болғанына байланысты үй карантинінде болып, зертханалық зерттеуге сынама алынған, ПТР талдау нәтижесі вирусты жұқтырғанын көрсетті.
Коронавирус инфекциясы анықталған Қазақстанның барлық 4 азаматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Эпидемиологиялық тексеру барысында үй ошағында және жұмыс орны бойынша қарым қатынаста болған 35 адам анықталды.
Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізілді.
2020 жылғы 18 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 58 адам тіркелді. Көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 5,0 тең.
Аумақтар бөлінісінде: Тараз қ. – 9 адам, Байзақ ауданы – 3, Жамбыл ауданы – 4, Қордай ауданы – 32, Меркі ауданы – 2, Мойынқұм ауданы – 1, Шу ауданы – 1, Үндістан–Тараз VSV-5053 рейсінен – 6 адам.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Төтенше жағдай: 15 мың теңге кімдерге беріледі
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы