Жамбыл облысында сүт безі қатерлі ісігі бірінші орында тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Абай Нұржанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен тікелей эфир кезінде баяндады.

Халықаралық обырға қарсы одақ бастамасымен жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аталып өтеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы бойынша 2020 жыл  1-10 ақпан аралығында Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне арналған онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау туралы онкүндік өтуде.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі – онкологиялық аурулармен күрес. Берілген мәліметтер бойынша 2020 жылы елімізде 190 159 адам онкологиялық аурумен есепте тұр, оның ішінде  республика бойынша 33 537 науқас алғаш рет ауырған.

Жыл қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 7652 ауру қатерлі ісікпен есепте тұр. Ол 2019 жылы 7360 көрсеткішті құраған. Осы жыл бойынша катерлі ісікпен алғашқы рет анықталған аурулар саны 1414, аурушаңдық көрсеткіші 124,2, - дейді Абай Нұржанов.

Оның мәліметінше, облыс  бойынша 2020 жылы 768 ауру қайтыс болып, өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 67,4 құрады. 2019 жылы 743 адам қайтыс болып, өлім көрсеткіші 66-ны құрады. 

Өлім көрсеткішінің аздап көтерілгені байқалады, оның себебі есепте тұрған аурулардың көбейуіне байланысты және пандемия кезінде COVID-тен қайтыс болған адамдардың көрсеткіштерінің өскеніне себеп болды. Өткен 2020 жылы өңірімізде қатерлі ісікпен алғашқы рет ауырған 1414 адамның 58,2% сырқаттың I және II сатысында екені анықталды. Бұл – осынша науқастың қажетті емді уақытылы алса, жазылып кету мүмкіндігі жоғары екенін көрсетеді, - деп түсіндірді дәрігер.

Облыс дәрігері айтқандай, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету үшін ауруды алдын алу және ауруды ерте сатыда анықтау қажет.  

Статистикаға көрсеткендей, облыста 2020 жылы обыр ауруының үлес салмағы бойынша сүт безі қатерлі ісігі бірінші орынға шыққан. Нақтырақ айтсақ, 12,2% құрап отыр. Екінші орында 10,0% өкпенің қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі 8,5%, тері қатерлі ісігі - 7,9%, жатыр мойны қатерлі ісігі 5,2%, тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігі - 4,7%  және тағы басқалар.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы