Жамбыл облысында суға шомылып жүрген екі қыз құтқарылды
Тараз қаласында жедел-құтқару жасағы шомылу аймақтарында рейд жүргізуде. Кеше жедел-құтқару жасағының құтқарушысы белгіленбеген аумақта шомылып жүрген екі қызды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушы Айдос Әбілда демалушылар арасында рейдтік алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде 2012 және 2014 жылы туған екі қыз баланы құтқарды. Балалар демалыста әкесімен бірге болды, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз! – деп ескертеді ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Орал базарындағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды
Өзгелердің жаңалығы