Жамбыл облысында суға батып кеткен қыз әлі іздестіріліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 шілдеден бастап суға батып кеткен 2015 жылғы туған қыздың денесі іздестіріліп жатыр. Атасы мен немересі жабдықталмаған орыннан суға түскен.
Жеті жасар қыз 23 шілдеде атасымен бірге суға батып кетті, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД.
Кейін Жамбыл аоблысы Жаскөркен ауылына кіреберістегі Талас өзенінен куәгерлер 1961 жылғы ер адамның денесін тауып, судан алып шықты.
Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының үш құрамы 24 шілде күні сағат 05:30-да іздеуді қайта бастады. Сүңгуірлер өзеннің түбін қарайды. Жеке құрамның 74 адамы жағалау бойын шарлайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстаулықтар кәсіпкерлік негіздерін онлайн оқи алады
Өзгелердің жаңалығы