14 Қазан 2026, 21:15
Фото: Жамбыл облысы ПД
Жамбыл облысында шетелдік орындаушы есірткі контрабандасына күдікпен ұсталды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу пунктінде Қазақстанға кіріп келе жатқан шетелдік азамат ұсталды. Оның сахналық лақап аты NAVAI екені хабарланды.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, азамат мінген автокөлікті тексерген. Тексеру барысында көліктен есірткі заты табылып, тәркіленген.
Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.