23 Шілде 2026, 07:42 Фото: pixabay

Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофилге сот үкім кесті

Сот шешімімен қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты. Азғындыққа барған ол енді қалған ғұмырын темір тордың ар жағында өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Сот отырысы жабық форматта өтті. Екінші сынып оқушысының зорланғаны туралы алғаш оның анасы арыз түсірген. Ойын баласына өз туысы азғындық жасағанын сараптама қорытындысы дәлелдеді. Сот шешімімен қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігінің санкциясы тек өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот үкімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деп жазылған Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралалық сотының хабарламасында.