Жамбыл облысында қорадан екі жасөспірімнің мәйіті табылды
Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Қордай ауданында екі тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Олардың мәйіті қорадан табылған.
Жамбыл облысының Полиция департаменті оқиғаның 15 сәуір күні таңғы сағат 06:00-де Қаракемер ауылында болғанын мәлімдеді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 8-сынып оқушысы қайтыс болды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ақтөбе облысында 23 жастағы мұғалім суицид жасады: Тергеу басталды
Cуицид статистикасына талдау: Деректер нені көрсетті?
Ақтауда жантүршігерлік трагедия: мектеп оқушысы биіктіктен құлап қаза тапты