Жамбыл облысында қатардағы сарбаз жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті  2022 жылғы 2 наурызда жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишевті іздеуді жүргізуде. 

Іздеуге Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мен Полиция департаментінің күштері  қатыстырылды.

Осы факт бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ұ. Бердишевке қатысты қандай да бір ақпаратқа ие болғандардың барлығына мына телефон номерлері арқылы – 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (Шекара қызметінің сенім телефоны) хабарлауды сұраймыз, - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада кафе өртенді
Өзгелердің жаңалығы