Жамбыл облысында қару сақталған орын табылды
Жамбыл облысында қараусыз қалған зауыттың аумағынан қару сақталған орын табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысында қараусыз қалған зауыттың аумағынан қару сақталған орын табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылындағы қараусыз қалған зауыттың аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер бар орынды тапты.
Полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде облыстық ПД қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі МР-446 тапаншасын, сондай-ақ 16 калибрлі ИЖ бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18-Е бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18 аңшылық мылтықты, Ф-10 жауынгерлік сынық гранатаны, жарық-шу гранатаны, қорғаныс кеудешені, 5,45х39 мм калибрлі 200 патронды тәркіледі.
Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазір аталған дерек бойынша ҚК 287 - бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.