Жамбыл облысында прокурорлар жалған банкроттықты анықтады
Жалған банкроттыққа әдейі жеткізуге байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жалған банкроттыққа әдейі жеткізуге байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысының прокуратурасы аудандық соттардың шешімдерін зерделеу барысында жалған банкроттыққа әдейі жеткізуге байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату фактісін анықтады.
Атап айтқанда, Шу аудандық сотының 2024 жылғы 15 наурыздағы қаулысымен ӘҚБтК-нің 182-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Х-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.
Алайда іс материалдарын зерделеу көрсеткендей, құқықбұзушы 11 млн теңге салық төлеуден жалтару және кірістерді жасыру мақсатында өзіне тиесілі ЖШС-ні әдейі банкроттыққа дейін жеткізіп, оны сатып жіберген.
Енгізілген прокурорлық ден қою актісінің негізінде 2024 жылғы 5 қыркүйекте Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жойып, оған ӘҚБтК-нің 182-бабының 1-бөлігі бойынша 738 400 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды.
Қазіргі уақытта салық берешегін өндіріп алу бойынша шаралар қабылдануда.
- Балағат сөздері үшін бірнеше рет жауапқа тартылған әйел психикалық орталыққа жатқызылды 15:30
- Биыл 1,5 миллионнан астам қазақстандық паспорт пен жеке куәлік алды 15:14
- Университетке түсетін талапкерлер нені білуі керек: Грант қалай бөлінеді? 15:00
- Бір келісі – 2600 доллар: Алматыда киік мүйіздері аукционға қойылды 14:51
- Қызықты статистика: Қазақстанда Абай есімді 9 әйел бар 14:32
- Қазақстанның балабақшаларында кезек 160 мыңнан 23 мыңға дейін азайды 14:08
- Несие жүктемесін қалай азайту керек? 10 мыңнан астам әскери қызметші қаржылық сауаттылығын арттыруда 13:50