Жамбыл облысында пайдаланусыз жатқан 201,2 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер мәселелері бойынша тексеру жүргізуге берген тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүзеге асып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, былтыр өңірімізде пайдаланылмай жатқан 201,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, тапсырма тиісті деңгейде орындалған.
Айта кетейік, бұл алқаптар бұған дейін 530 тұлғаның иелігінде болған.
Мемлекет меншігіне өткен 41860,7 гектары Мойынқұм ауданынан, 31591,6 гектары Сарысу ауданынан қайтарылса, одан кейінгі жер алқаптары Байзақ, Жамбыл, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы, Қордай, Талас және Шу аудандарына тиесілі.
Ал, биыл облыста шамамен 80 мыңға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылады деп жоспарлануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АШМ мұнай өнімдерін бөлу ережесіне өзгерістер енгізді
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы