Жамбыл облысында ойын-сауық орындарында рейдтер жүргізілді

Түнгі рейд барысында кәмелетке толмағандар жүретін ойын – сауық орындары, саябақтар, скверлер, аллеялар мен аулалар секілді барлық  орындар ювеналды полицейлердің назарында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түнгі рейдтің мақсаты-кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Зерделеу нәтижесімен полиция қызметкерлері түнде серуендейтін жасөспірімдердің саны ең көп болатын аумақтың  ірі елді мекендерінде 100 жуық ойын-сауық орындарын тексерді. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыларды полиция бөлімдеріне жеткізді. Аталған іс-шара барысында, яғни  ағымдағы жылдың 1-4 қазаны аралығында  ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар  жасағаны үшін 80 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. 3 жасөспірім және 2 бала тұратын 1 қолайсыз отбасы есепке алынды. 6 жағдайда алкогольді ішімдіктерді ішуге жол берілмеді. Сонымен қатар, 104 ата-ана мен өзге де заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, рейдтер кезінде  әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасыларды немесе азғындық өмір салтын ұстанатын ата-аналарды да анықтаймыз. Мұндай отбасылар  ерекше бақылауымызда болады, біз  білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп,  олардың оқуына, тәрбиесіне, жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуге тырысамыз, ал кейбір жағдайларда балаларға жасалатын қатыгездіктің алдын алу мақсатында медициналық тексеруге жібереміз, - деді Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны  Әлішер Қалышев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы