Жамбыл облысында минералды ауызсу шығаратын зауыт іске қосылды

​Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылында сағатына 3 000 литр минералды ауызсу шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов пен ауыл тұрғындары қатысып, өндіріс ошағының жұмысымен танысты.

Аталған жобаға «Парус-Т» ЖШС-сы 200 млн. теңге инвестиция салған.
​Жоба екі кезеңде жүзеге асырылды. 2023 жылы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. 2024 жылы қытайлық білікті мамандар кәсіпорынды іске қосу жұмыстарын жүзеге асырған.

​Құрылыс жұмыстарына 30 адам тартылған. Өндіріс іске қосылғаннан кейін 15 тұрақты жұмыс орны ашылады. ​Минералды ауызсу «Бай тал» атауымен нарыққа жол тартады.

​Айта кетейік, Т. Рысқұлов ауданында жалпы құны 16,1 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар 500 жұмыс орны құруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы