Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші казарманың 4-қабатынан секіріп кетті
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Жамбыл облысында әскери қызметші казарма ғимаратының 4-қабатынан секіріп кеткен. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі казарма ғимаратының 4-қабатындағы терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған. Аман алып қалу шаралары жүргізілгенмен, сарбаз есін жимаған күйі қайтыс болды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қорғаныс министрлігі қайтыс болған сарбаздың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізуде. Қалған ақпарат тергеу мүддесі мен туыстарының қалауы бойынша жария етілмейді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 31 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы