Жамбыл облысында медициналық қызмет сапасына қатысты 85 арыз түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Төлеген Бұғыбаев айтты.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне арыз берушілер есебі бар. Осы жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан 85 арыз келіп түскен. Түскен арыздардың ішінде басым бөлігі - медициналық қызмет сапасына және мүгедектік тағайындау мәселелері. Ал 32 арыз департамент құзыретіне кірмейтін мәселелер. Медициналық қызмет сапасына және мүгедектік тағайындау мәселелері бойынша түскен 53 арыз бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 33 тексеру «негізді», 2 тексеру «жартылай негізді», ал 18 тексеру «негізсіз» деп танылды, - деді Бұғыбаев.

Спикер Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде жоспардан және есептен алынған мекемелер жоқ екенін айтты.

Ал биылғы 1-жартыжылдықта «Е-лицензиялау» электронды жүйе арқылы мемлекеттік қызмет түрлеріне түскен өтініштер саны 2850 болған. Оның ішінде жеке тұлға – 2377, заңды тұлға – 473. 2227 рұқсат қағазы берілген. Ал 623 өтініш дәлелді бас тартылды, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы