Жамбыл облысында мас жүргізуші 2 жасар баланы қағып кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды. 

Балалардың жол-көлік оқиғаларында жарақаттануын болдырмау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, еліміздегі жолдарындағы жағдай күрделі.Жыл басынан бері орын алған жол  апаттарында ондаған баланың өмірі қиылды және 450-ге жуық кәмелетке толмаған бала түрлі дәрежедегі жарақат алды.Соңғы аптада балалардың өліміне әкеп соққан ЖКО ерекше алаңдаушылық тудырады, - деді модератор Шұғыла Тұрлыбек. 

Ол бірнеше жол-көлік оқиғалары туралы айтып берді. 

 9 наурызда Жамбыл облысында жүргізуші мас күйінде көлік жүргізіп, «Сарыкемер-Түймекент» автожолында жаяу жүргіншіні қағып кетті, нәтижесінде екі жасар бала қаза тапты, баланың анасы ауруханаға жатқызылды.10 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Сығанақ көшесіндегі үйдің ауласында жүк көлігін жүргізуші мектеп оқушысын қағып кетті, ол ойын кезінде қар төбесінен көліктің астына түсіп кетті, нәтижесінде 9 жасар қыз қайтыс болды, - деді ол. 

Тұрлыбек атағандай, жолдардағы осы қайғылы оқиғалар аясында және мереке күндері қарсаңында әкімшілік полиция комитеті жол қозғалысының барлық қатысушыларын қауіпсіз қозғалыс жылдамдығы мен автомобильдер арасындағы қашықтықты қатаң сақтауға шақырады.

Ауа райы жағдайларының (көктайғақта, жаңбырлы ауа райында, тәуліктің қараңғы уақытында) қозғалыс режимдеріне әсерін, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуін, сондай-ақ автомобильдің тежеу жолын ұлғайтатын және оның басқарылуына әсер ететін жол төсемінің ілінісу сапасының өзгеруін ескеру маңызды, - деді Тұрлыбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы