Жамбыл облысында көліктен ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысы Байзақ ауданында полицейлер көліктен ұрлық жасады деп күдіктелген ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

44 жастағы әйел көлігін үйдің ауласына қойып, есіктерін құлыптауды ұмытып кеткен.

Ол кейінірек көліктегі телефонының жоғалғанын байқаған. Келтірілген залал сомасы - 170 мың теңге.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 20 жастағы жігітті анықтады. Ол жәбірленушінің туысы болып шықты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам кінәсін мойындады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы