5 Қараша 2025 2025, 21:48 Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

2025 жылғы 5 қараша сағат 21:00-де Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 5 қараша сағат 21:00-де Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, шектеу «Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы (Қордай асуының жаңа айналма жолы) учаскесіне қатысты.

Аталған бағытта барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды.

Қазіргі уақытта жүргізушілер үшін жол қозғалысы ескі Қордай асуы арқылы ұйымдастырылып отыр.

Жолды 2025 жылғы 6 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған.