14 Ақпан 2026, 15:46
Фото: ҚР ТЖМ
Жамбыл облысында көлік апатынан үш адам зардап шекті
Апат Отар ауылының маңында болған.
Жамбыл облысында ауыр жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан үш адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Апат Отар ауылынан бір шақырым жерде, Қордай ауданы аумағындағы тас жолда болған. Ведомство мәліметінше, жеңіл көлік аударылып кеткен.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖД қызметкерлері жетіп, құтқару жұмыстарына бірден кірісті. Көлік ішінде түрлі деңгейде жарақат алған үш адам болған, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Өздігінен қозғала алмаған зардап шеккендердің бірі құтқарушылардың көмегімен зембілге салынып, жедел жәрдем көлігіне жеткізілді. Зардап шеккендер одан әрі ауруханаға жатқызу үшін дәрігерлерге тапсырылды.
- ШҚО-да қос азаматтығы бар 6 шетелдік елден шығарылды 20:56
- Қазақстанда отбасымен бірге ең көп оқылатын TOP-10 кітап анықталды 20:22
- Telegram-да пікір қалдырған қазақстандық қамауға алынды 19:58
- Қырғызстандағы сел: Тасқын су көліктер мен бір отар қойды ағызып әкетті 19:41
- Ұшақта полиция қызметкерін балағаттаған әйел жауапқа тартылды 19:20
- Мыңдаған жүрекке үміт сыйлаған: Қазақстан кардиологияда әлемдік деңгейге шықты 18:52
- Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастығы: Президент жаңа елшіге бірқатар тапсырма берді 18:45