Жамбыл облысында картоп жинау науқаны басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласымен іргелес жатқан Жамбыл ауданының шаруашылықтары картоп қазу жұмыстарына кірісті. Ауа райының құрғақ әрі жауынсыз болуынан бақша дақылын жинау екі аптаға ерте басталған.

Ақбастау ауылдық округі аумағында орналасқан «Шарипов» шаруа қожалығы 80 гектар жерге картоптың ерте пісетін сұрпын еккен. Қазір дақылды қазып, өнімдерін «Ауыл береке» базары мен Шымкент қаласына өткеруде. Тұқымдық қорды қоймаларға жинап жатыр.

Алқапта 260-қа жуық адам өнімді теріп, қаптау үстінде. Жұмысшыларға еңбекақысы күнделікті төленеді. Қажетті техниканың бәрі бар. 


Биыл ылғал аз болды. Бұл шаруашылық су үнемдеу технологиясы бойынша тамшылатып суару әдісін пайдаланып, мол өнімге қол жеткізіп отыр. Қазу жұмыстары екі аптаның көлемінде аяқталады. Бүгінгі таңда біз басқа да ылғалды көп қажет ететін дақылдарға су жеткізу жұмыстарымен айналысып жатырмыз, - деді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы.

Жалпы, Жамбыл ауданы бойынша 5800 гектар жерге картоп егілген. Одан бөлек 8882 гектар көкөніс дақылдары отырғызылған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы