Жамбыл облысында карантиндік шаралар қайта күшейтілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оған коронавирусты жұқтыру дерегінің күрт көбеюі себеп, деп хабарлайды "Хабар 24". 

Өңірде соңғы үш күнде COVID-19-ды 100-ге жуық адам жұқтырып алған. Мамандардың айтуынша, сауда-саттық нүктелері, кәсіпорындар мен қызмет көрсету нысандарында талап сақталмай отыр. Ал, тұрғындар қауіпті вирусқа немқұрайлы қарайтын болған. Бұл инфекцияның жылдам таралуына әсер ететін көрінеді. Бұған дейін өңірде карантиндік режим бірнеше рет жеңілдетіліп, 1400-ден астам бизнес нысанның жұмыс істеуіне рұқсат берілген еді. Алайда, жағдай осылай жалғаса берсе, барлық жеңілдіктер жойылып шектеу шаралары қайта енгізіледі. Айта кету керек, қазір облыста вирусты жұқтырғандар саны 343 адамға жетті. Инфекциялық станционарда 109 адам жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр.
Жалпы облыс бойынша бетперде мәселесі толық шешімін таппай отыр. Мүлдем азаматтар мұны пайдаланбайды деп айтуға болады. Екіншіден, өзіміздің сауда-саттық дүкенге кірген кезде сатушылардан бастап ішіне кірген азаматтардан бастап не маскалары, не қолғаптары жоқ. Не сол нысанның өзі тиісті дезинфекциялық құралдармен жабдықталмаған. Егер күннен күнге бұл мәселе шешімін таппайтын болса, тиісті шектеу карантиндік шараларды енгізуге мәжбүр боламыз, – дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы