10 Шілде 2025 2025, 23:41 Фото: pixabay.com

Жамбыл облысында фельдшерді белгісіз біреулер атып кетті

Жамбыл облысы, Байзақ ауданында жедел жәрдем фельдшерінің кеудесіне оқ атылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқ травматикалық тапаншадан тиген. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиғаны облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Зардап шеккен адамға ота жасалып, қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Оқиға жан-жақты әрі объективті тергеліп, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады, - деп мәлімдеді полиция өкілдері.