Бүгiн 2026, 11:16
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Жамбыл облысында "емтихансыз" куәлік алып бермек болған алаяқ сотталды
Алаяқ азаматтарға жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, алдаған.
Жамбыл облысының Меркі ауданында "емтихансыз куәлік алып беремін" деген алаяқ сотталды.
Меркі аудандық соты бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотталушы таныстарының арасында емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратқан. 2025 жылдың тамыз айында сотталушы азаматтардың сенімін асыра пайдаланып, жүргізуші куәлігін дайындап беремін деген сылтаумен үш жәбірленушіден жалпы сомасы 770 мың теңге ақшалай қаражат алған.
Осылайша, жәбірленушілердің екеуіне әрқайсысына 300 мың теңгеге, ал үшінші жәбірленушіге 170 мың теңгеге жүргізуші куәлігін ресімдеуге уәде берген. Алынған ақшаны М. жеке мақсатта пайдаланып, содан кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.
Сот үкімімен М. ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді, - деп хабарлады Жамбыл облысының Меркі аудандық соты.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде "жеңілдікпен" куәлік алып бермек болған алаяқ ұсталды.
Тағы оқи отырыңыздар: