Жамбыл облысында екі заңсыз майнинг фермалары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында криптовалюталарды өндіруге арналған 80-нен астам жабдықтар табылып, тәркіленді.
Қаржылық мониторинг агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері өзара ҰҚК-нің және АЭҚБК қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барасында, екі заңсыз майнинг фермаларының қызметтеріне жол кесті, олардын біреуі ТЖО-ның ғимаратында ұйымдастырылған электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық байланысты сақтамай қосылған.
Құқыққа қайшы қызметін жүзеге асыру нәтижесінде түскен кіріс сомасы 30 000 000 теңгеден астам қаржыны құрайды.
Екінші ферма ЖШС аумағында орналасқан, басшысы шетел азаматы.
Екінші ферманың кіріс сомасы 60 000 000 теңгеден астам қаржыны құрайды.
Қазіргі уақытта, ҚК-нің 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.