22 Қаңтар 2024 2024, 10:06
Фото: ҚТЖ
Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті
Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде оқыс оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ-ға сілтеме жасап.
Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде оқыс оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ-ға сілтеме жасап.
2024 жылдың 21 қаңтарында таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кетті.
Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмады. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді, - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.