Бүгiн 2026, 06:06
Фото: polisia.kz
Жамбыл облысында екі мектеп оқушысының өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Қордай ауданында екі оқушы өз-өздеріне қол жұмсаған.
Жамбыл облысында екі жасөспірімнің өліміне қатысты жағдайлар тергелуде. Қайғылы оқиғалар екі апта аралықпен Қордай ауданында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қайғылы оқиғалар туралы жаңалықтар әлеуметтік желілерде пайда болды. Хабарламаға сәйкес, алғашқы оқиға Қайнар ауылында тіркелген, онда 12 жасар қыздың денесі үйінен табылған.
Біраз уақыттан кейін Масаншы ауылында кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсаған. Жасөспірімдерді өлімге әкелетін шешімге итермелеген нақты себептер әзірге белгісіз.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаларды растады.
Суицидке байланысты қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады департаменттен.