Жамбыл облысында екі азаматтан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді
Жамбыл облысында екі азаматтан аса ірі мөлшерде кептірілмеген марихуана тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
10 тамызда көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шу – Аспара станциясының аралығында есірткі заттарын жинау кезінде екі азаматты, Астана қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарын ұстады. Олардан спецификалық иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған бір қапшық табылып, тәркіленді, - делінген хабарламада.
Сот-сараптамалық зерттеудің қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 9,6 келіден астам кептірілмеген марихуана болып шықты.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның барлық өңірінде бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтеді
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы