Жамбыл облысында егілген пияздың 60 пайызы Шу ауданына тиесілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы 22 мың гектар пияз алқабының 13 300 гектары Шу ауданына тиесілі. Қазір алқапта жиын-терін жұмыстары жүргізілуде. Дала жұмыстарымен аудан әкімі Нұржан Календеров арнайы барып танысты.

Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында жер баптап, пияз еккендердің бірі - Рашид Юлин. Қордай ауданының тұрғыны болса да Шуға келіп бақша дақылын өсіріп жатыр.

Көктемде 34 гектар алқаптың 5 гектарына ерте пісетін пияз сұрпының тұқымын сепсе, қалғанына кеш пісетін сұрып себіледі.

Шаруалардың өсіріп жатқан голландиялық тұқымның бұл түрі мол өнім беріп қана қоймай көкөніске келетін ауруларға төтеп береді. Сондай-ақ, пияз біркелкі өсіп, техникамен жинауға да ыңғайлы - дейді «Enza Zaden Kazakhstan» серіктестігінің өкілі. 

«Бонус» деп аталатын голландиялық бұл сұрыптың түрін шаруалар осы серіктестіктен алған. Алқаптың барлығы да тамшылатып суару технологиясы арқылы ылғалдандырылып отыр. Бүгінде пияздың ерте пісетін сұрпын жинау қарқынды жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындардан тұратын жұмысшылар жинаған қабына байланысты күнделікті 8 мың теңгеге дейін табыс табады. Қазір мұнда әр гектардан 90-100 тонна өнім алынып жатыр. Техникалар жеткілікті,70-ке жуық адам жұмыспен қамтылған. Аудан басшысы Нұржан Календеров шаруалардың жұмысын жоғары бағалады.

Биыл өнім жаман емес. Қазіргі жиналған өнімнің келісін 75 теңгеден Ресей еліне жөнелтіледі. Жұмысшылардың барлығы жақын маңдағы ауыл тұрғындары. Тиісті жалақыларын еңбектеріне қарай төлеп жатырмыз, – деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы