Жамбыл облысында бір жарым келі марихуана тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 22-26 ақпан аралығында «Допинг» республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу шарасы басталды, деп хабарлады Polisia.kz.
«Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың 8 дерегін анықтады.
Олардың 5-і – аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында және оны заңсыз сақтауға қатысты қылмыстар, сондай-ақ қоғамдық орындарда есірткіні медициналық мақсатта емес қолдану.
Сондай-ақ полицейлер екі әкімшілік теріс қылықты: есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорлар айналымы саласындағы нысандар мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарының бұзылуын, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы заттар мен медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларының бұзылуын анықтады.
22 ақпанда заңсыз айналымнан 670 грамм 19 миллиграмм гашиш, 1 келі 652 грамм марихуана, күшті әсер ететін «Прозерин-Д» дәрісінің 10 ампуласы, «Дигоксин» дәрісінің 10 орамы, ауырсынуды басатын «Трамадол» дәрісінің 13 орамы алынды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматылықтар көлікті тағы 1 автоорталықта қайта рәсімдей алады
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы